Теңгіз кен орнындағы тәртіпсіздіктерден кейін 100-ден астам шетелдік жұмысшы жұмыс орындарынан шығарылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42625-Теңгіз_кен_орнындағы_тәртіпсіздіктерден_кейін_100_ден_астам_шетелдік_жұмысшы_жұмыс_орындарынан_шығарылды
Қазақстанның мұнай өндіретін кешендерінің біріндегі жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасындағы қақтығыстардан кейін 100-ден астам шетелдік жұмысшы бұл елден кетті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 05, 2019 16:46 Asia/Almaty
  • Теңгіз кен орнындағы тәртіпсіздіктерден кейін 100-ден астам шетелдік жұмысшы жұмыс орындарынан шығарылды

Қазақстанның мұнай өндіретін кешендерінің біріндегі жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасындағы қақтығыстардан кейін 100-ден астам шетелдік жұмысшы бұл елден кетті.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл оқиғадан кейін 123 ливандық азамат өз отанына қайтты. Олар Қазақстаннның Теңгіз мұнай өнідіру кенінде жұмыс жасап жүрген Consolidated Contractors компаниясында жұмысшылар болды. Иордания Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме шығарып, мұнай кешенінде жұмыс жасап жүрген бұл елдің 107 азаматының 40 жұмысшысының отанына оралғаны туралы жариялады.  

29 маусымда Атырау облысында  «Теңізшевройл» мен ССЕР компаниялар жұмысшылар арасында тұрмыстық жанжал орын алды. Оның себебі ливандық азамат Әли Давудтың қазақ қызының суретін әлеуметтік желілерде басып шығаруы болды. Қазақ жұмысшылардың пікірінше,  мұндай суреттін басылып шығуы - халықты кемсіту. Қазақстанның жергілікті жұмысшыларының наразылықтарының келесі маңызды себебі олар мен шетелдік жұмысшылардың жалақыларының үлкен айырмашылығы саналады. Шамамен 15000 адам қатысқан жанжалдың салдарынан 40 адам жарақат алды.