Тоқаев Қазақстанда жердің шетелдік азаматтарға сатылмайтынын қуаттады
Қазақстан Президенті жерді ұтымды пайдалану қажеттілігіне тоқталып, бұл елде жер мен мүліктің шетелдік азаматтарға сатылмайтынын қуаттады.
"Фарс" ақпарат агенттігі мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отырысында: "Қоғамдық пікірге көңіл бөліп, жерге байланысты қазіргі заң өзгертіліп, бекітілуі керек. Шетелдік азаматтар туралы айтатын болсақ, оларға жер сатылмайды. Мониторингтің нәтижесі бойынша, Қазақстанда 16,5 миллион гектар жер пайдаланылмаған. Үкімет бұл салада зерттеулерін жалғастырып, мәліметтер сандық түрінде жариялануы керек. Бұл жұмысты атқару үшін ауылшаруашылығы мен цифрлік даму министрліктерінің бірігіп жұмыс жасаулары қажет",- деді.
2016 жылы Қазақстанның түпкір-түпкірінде жерге байланысты жаңа заңдарға қарсы наразылықтар өткен болатын. Аталмыш заң бойынша, ауылшаруашылық мақсатта пайдалану шетелдіктерге жерді сатып лау немесе жалға алу рұқсат берілген болатын. Дәл осы мәселе наразылықтарға себеп болған.