Қазақстанның астанасындағы Сирияға байланысты отырыс Ирак пен Ливан делегациясының қатысуымен өтеді
Шіл 20, 2019 18:00 Asia/Almaty
Қазақстанның астанасындағы Сирия мәселесіне байланысты алдағы отырыс Ирак пен Ливан делегациясының қатысуымен өтеді.
ИСНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме шығарып: "Сирия туралы "Астана отырысы" деп танымал болған отырыстардың 13-ші кезеңі Ирак пен Ливан делегацияларының қатысуымен 1-2 тамызда Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл мәлімдеме бойынша, бұл отырыста Сириядағы соңғы өзгерістер, әсіресе Идлибтің жағдайы, қақтығысқа қатысып отырған тараптардың арасындағы сенімділікті арттыру және бұл елдің Конституциясы комитетінің құрылуы мен жұмысын бастауы туралы тақырыптар талқыға салынады.
Тегтер