АҚШ Қазақстанда Сирия бейбітшілігі тақырыбымен өтетін келіссөздерге қатыспайды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42801-АҚШ_Қазақстанда_Сирия_бейбітшілігі_тақырыбымен_өтетін_келіссөздерге_қатыспайды
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы өз елінің Қазақстанның астанасында Сирия бейбітшілігі тақырыбымен өтетін келіссөздерге қатыспайтынын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 23, 2019 14:06 Asia/Almaty
  • АҚШ Қазақстанда Сирия бейбітшілігі тақырыбымен өтетін келіссөздерге қатыспайды

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы өз елінің Қазақстанның астанасында Сирия бейбітшілігі тақырыбымен өтетін келіссөздерге қатыспайтынын хабарлады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы: «Вашингтон ешбір жағдайда тамыз айының басында Қазақстанның астанасында Сирия бейбітшілігі тақырыбымен өтетін келіссөздерге қатыспайды»,- деді. Ол тек БҰҰ-ның Сириядағы бейбітшілік үдерісінің қалыптасуы үшін қолайлы жер екеніне тоқталып: «Тамыз айының басында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін отырыс сынды басқосулар Женева келіссөздерінің орның толтыра алмайды. Сондықтан АҚШ бұл келіссөздерге қатыспайды»,- деп жариялады. Жұма күні Қазақстан Сыртқы істер министрлігі  алдағы тамыз айының 1-2 күндері бұл елдің астанасында Сирия бейбітшілігі тақырыбына байланысты келіссөздердің 13-ші кезеңінің өтетінін хабарлады. Бұл мәлімет бойынша, келіссөздерге бірінші рет бақылаушы ретінде Ливан мен Ирак делегациялары қатысады.