Нұр-Сұлтанда қалпына келетін қуат көздері туралы үшінші отырыс өтеді
Қазақстанның Энергетика министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында әртүрлі елдерден 300 өкілдің қатысуымен Қалпына келетін қуат көздері туралы үшінші отырыс (Renewable Energy Summit 2019) өтетінін хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл отырысты өткізудегі мақсаттың қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалану мәселелерін талқылау және өз елі мен әлемдік қауымдастықтың жасыл болашағын жасауға айтарлықтай үлес қосу үшін ең үздік әрі тиімді шешімдер қабылдау екенін мәлімдеді.
Бұл жобада, сондай-ақ, қалпына келетін қуат көздері саласында тәжірибемен алмасу үшін сарапшылар, инвесторлар мен білікті мамандарды Қазақстанға тарту қарастырылған.
Бұл отырыс Қазақстанның энергетика апталығы (Kazakhstan Energy Week 2019 (KEW-2019) аясында өтеді.