«Тәбәри тарихы» қазақ тілінде екінші рет басылып шықты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42846-Тәбәри_тарихы_қазақ_тілінде_екінші_рет_басылып_шықты
Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәридің "Тәбәри тарихы" шығармасының ирандық жазушы Озра Джоуздани дайындаған ықшамдалған нұсқасы қазақ тілінде екінші рет басылып шықты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 26, 2019 19:42 Asia/Almaty
  • «Тәбәри тарихы» қазақ тілінде екінші рет басылып шықты

Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәридің "Тәбәри тарихы" шығармасының ирандық жазушы Озра Джоуздани дайындаған ықшамдалған нұсқасы қазақ тілінде екінші рет басылып шықты.

Шығарманы парсы тілінен аударған – Айнаш Қасым. Кітап балалар мен жасөспірімдерге арналған.

Тарихи оқиғаларға негізделіп, пайғамбарлардың, патшалардың, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өмір тарихын түзген, Құран аяттары мен хадистеріне сүйенген, арасында аңыз-әпсаналарды өрген шығармада Тәбәридің өзіне тән машықпен жазылған қарапайым тіліндегі мысалдар мен нақыл сөздер ұтымды әрі үйлесімді қолданылғандықтан, «Тәбәри тарихы» тарихи кітаптар тізімінде болумен бірге, парсы әдебиетінің құнды мұраларының қатарында да жоғары бағаланады.