8 қазақ лаңкестікті насихаттады деген айыппен түрмеге қамалды
Қазақстанның Алматы қаласындағы соттардың бірі осы өңірдің 8 азаматын лаңкестікті насихаттады деген айыппен бас бостандықтарынан айырды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның қауіпсіздік органы бұл адамдарды өткен жылдың қазан айында аты жарияланған бір азаматтың арыз жазып, WhatsApp әлеуметтік желісінде "Ахл-е сүннат уә ал-Джамағат" атты топ құрды деп айыптағанынан кейін қамауға алды.
Қазақстан қауіпсіздік органының айтуынша, ұсталғандардың бірі 2013 жылдың 2 желтоқсанында WhatsApp әлеуметтік желісінде лаңкестік пен салафиттік идеологияны насихаттау мақсатында топ құрған, қалған адамдар оған мүше болып кірген.
Ал бұл жағдайда адам құқығын қорғаушылардың пікірінше, Қазақстан басшылары өздерінің саяси оппозиционерлерімен күресу үшін "лаңкестікті насихаттау" және "экстремистік топтардың жұмысына қатысу" сияқты бұлыңғыр баптарды қолданып отыр.