Қазақстандағы адам құқығының бұзылуына қатысты алаңдаушылық білдірілді
Адам құқығын бақылау ұйымы Қазақстан Президентіне хатында Қасым-Жомарт Тоқаевтан өз міндетінің бір бөлігі ретінде осы елдегі адам құқығының жағдайына қатысты тез арада шара қолдануын сұрады.
"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Адам құқығын бақылау ұйымының Еуропа және Орта Азия бөлімінің басшысы Хью Уильямсон: "Қазақстанда адам құқығын қолдауды нығайту ұзақ уақытқа кешеуілдеп қалды. Тоқаев осыған қатысты шараларды бастауы үшін өзгерістер енгізуді күн тәртібіне қоюы керек. Онда ақпарат құралдарының бостандығы мен кәсіподақтардың құқықтарын қолдауға және бейбіт наразылықтар өткізу құқығын қолдауға бағытталған шаралар атқарылуы керек",-деді.
Адам құқығын бақылау ұйымы 20 жылдан аса уақыт бойы Қазақстандағы адам құқығы жағдайын бақылап, заңбұзушылық жайттарын тіркеп келеді. Бұл ұйым басты бостандықтарды, соның ішінде жиын өткізу бостандығы, жұмысшылардың құқығы мен мүгедек балалардың құқықтарын бұзу жағдайларына ауқымды зерттеулер жүргізді.