Қарағандыда қазақтар мен шетелдік жұмысшылар арасында қақтығыс болды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i43047-Қарағандыда_қазақтар_мен_шетелдік_жұмысшылар_арасында_қақтығыс_болды
Қазақстанның Қарағанды облысының Жәйрем ауылында қазақтар мен шетелдік жұмысшылар арасында қақтығыс болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 14, 2019 14:29 Asia/Almaty
  • Қарағандыда қазақтар мен шетелдік жұмысшылар арасында қақтығыс болды

Қазақстанның Қарағанды облысының Жәйрем ауылында қазақтар мен шетелдік жұмысшылар арасында қақтығыс болды.

Fars ақпарат агентттігінің хабарлауы бойынша, 50-ге жуық адам зауытқа кіріп, түркиялық азаматтармен қақтығысқан. Осы қақтығыс салдарынан Түркияның 6 азаматы жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті сарапшылардың айтуынша, бұл қақтығысқа шетелдік жұмысшылар жалақысының Қазақстан азаматтарының жалақыларынан жоғары болуы себеп болған.

Осыдан біраз бұрын Теңіз кенішінде де осыған ұқсас қақтығыс болған еді. Теңіздегі қақтығыстарда мыңнан аса қазақстандық жұмысшы шетелдіктерге, соның ішінде Ливия, БАӘ және басқа елдердің азаматтарына шабуыл жасаған. Соның салдарынан 30-ға жуық адам жараланды.