Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Стратегиялық талдау және даму департаменті құрылды
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі "Стратегиялық талдау және даму департаменті" деп аталатын жаңа бөлімше құрды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жаңа департамент елдің Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштері бас штабын басқаруды оңтайландыру мақсатында құрылды.
Қарулы күштерді дамыту үшін жаңа тәсілдерді жоспарлау, Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобалар дайындау және қорғаныс инфрақұрылымдарын нығайту осы департаменттің басты мақсаттары болмақ.
Сондай-ақ, бұл департамент қорғаныс бағдарламаларын қаржылай қамтамасыз ету және Қорғаныс министрлігінің мүлкін басқару тәсілін белгілейді. Мұнымен қоса, қауіпсіздік қатерлері мен түйткілдерге төтеп беруге үйрету де осы департаментке жүктеледі.
Сейітмұрат Тәңірберген Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаментінің басшысы болып тағайындалды.