Қазақстан уран өндіру көлемін азайтады
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы нарықта тұрақты жағдай қалыптаспайынша уран өндіру көлемін азайту үдерісін жалғастыра беретін мәлімдеді.
Тасним ақпарат агенттігінің Timesca‑ға сілтеме жасап хабарлауынша, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы 2021 жылға дейін жерасты байлығын пайдалану келісімшарттарында жоспарланған деңгеймен салыстырғанда уран өндіруді 20 пайызға азайту үдерісін жалғастыратынын хабарлады. Бұл компания қазіргі таңда осы шешімнің әсерлерін бағамдау мақсатында өз серіктестерімен әріптесуді бастап, Қазақстандағы барлық уран кен орындарында осы жобаны орындауға кірісті.
Бұл компанияның өндіріс көлемін азайту туралы шешімі мына шындықты көрсетеді: уран нарығы бір кездері уранның шамадан тыс өндірілгеніне байланысты әлі түзелу үстінде, ал оның бағасы әлі де төмен болып тұр. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы әлемде уран өндіретін ең ірі компания ретінде сұранысқа байланысты оны өндірудің қажетті көлемін анықтап, белгілейді.