Қазақстанда Арыс қаласындағы әскери гарнизонның басшысы қамауға алынды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i43167-Қазақстанда_Арыс_қаласындағы_әскери_гарнизонның_басшысы_қамауға_алынды
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Арыс қаласындағы әскери гарнизонның басшысы мен қару-жарақтар мен зымыран қоймалары басшысының қамауға алынғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 25, 2019 16:39 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Арыс қаласындағы әскери гарнизонның басшысы қамауға алынды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Арыс қаласындағы әскери гарнизонның басшысы мен қару-жарақтар мен зымыран қоймалары басшысының қамауға алынғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Ішкі істер министрлігінің әскери тексерістер бөлімінің басшылары Арыс қаласындағы әскери гарнизонда қуатты жарылыстар болуына байланысты қамауға алынды.

Гарнизон басшысы мен қару-жарақ қоймаларының басшысы өз міндеттерін дұрыс атқармады деп айыпталды. Соның салдарынан Арыс қаласында жарылыстар болды.

Бұл екі тұлға 2 айға қамауға алынып, тергеу жұмыстары басталды.

24 маусымда Арыс қаласындағы әскери гарнизонда өрт шығып, жарылыстар орын алды.

24-25- маусымда 40-тан аса жарылыс болды.

44 мыңнан аса халқы бар бұл қала толығымен босатылып, тұрғындары көрші облыстарға тасымалданды. Ресми ақпараттарға сәйкес, осы оқиғада 2 мыңнан аса адам жараланды.