Қазақстанда Азия қаламгерлерінің форумы өтеді
Там 25, 2019 17:10 Asia/Almaty
Қазақстанның Жазушылар одағы осы елдің Президент әкімшілігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2019 жылдың 4-6 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Азия қаламгерлерінің I форумын өткізеді.
Бұл форумды өткізудегі мақсат Азия елдері арасында әдеби-мәдени қарым-қатынасты нығайту, Қазақстаның әдебиеті мен рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерісті дамыту үшін Азия елдерімен тәжірибе алмасу болып табылады.
Бұл форумда Азиядағы 44 елдің халықаралық және отандық сыйлықтарға ие 100-ден аса ақын-жазушысы, Жазушылар одағы мен ассоциациялардың төрағалары қатысады.
Тегтер