2019 жылы Қазақстан тауарларының экспорты азаяды
Там 28, 2019 15:47 Asia/Almaty
Қазақстан Ұлттық банкінің болжамы бойынша, биыл елдегі тауар экспорты төмендейді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев: "2019 жылы елде экспорттық тауарларға сұраныс азаяды деп болжануда",-деді.
Ол: "Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2019 жылдағы тауар экспорты 2018 жылмен салыстырғанда шамамен 12 пайызға азаяды",-деді.
Оның айтуынша, бұл үдеріс 2018 жылы барреліне 71,6 доллар болған мұнай бағасының 2019 жылы 61,3 долларға төмендеуіне байланысты болып отыр.
Қазақстан – Орта Азияда мұнай өндіретін елдердің бірі. Бұл елдің бюджеті мұнайды сатудан түсетін табысқа және Ресей экономикасына тығыз байланысты.
Тегтер