Болжам бойынша 2020 жылы Қазақстанның экономикасы 4,1% өседі
Қазақстанның Ұлттық экономика министрі баспасөз отырыста 2020 жылы бұл елдің экономикасының 4,1% өсетіні туралы хабарлады.
«Фарс» ақпарат арнасының мәліметінше, Руслан Дәленов: «Егер бір баррель мұнайдың бағасы 55 доллар болып қалса, 2020 жылы Қазақстанның ішкі өнімі шамамен 4,1% және 2024 жылы 4,7% жетеді. Сондай-ақ 2020 жылы мұнай өндіру 90 миллион тоннадан 100 миллион тоннаға артып, Теңгіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындары кеңейіп, теңіз кен орындары қолданысқа беріледі. 2020-2021 жылдары инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6 % деңгейде сақталады, 2022-2024 жылдарды инфляция 3-5% құрайды және 2024 жылы жұмыссыздық мөлшері шамамен 4,7% дейін төмендейді. Мамандардың болжамдары бойынша, 2020 жылы бюджеттің кірістері 2020 жылы 8 трлн, 2021 жылы 8,6 трлн теңге, 2022 жылы 9,4 трлн теңге сомасында болады»,- деді.