Алматыда Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i43229-Алматыда_Халықаралық_almaty_film_festival_кинофестивалі_өтеді
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында II Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 30, 2019 15:10 Asia/Almaty
  • Алматыда Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді

Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында II Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді.

Almaty Film Festival - Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен Astana Film Fund ұйымдастырған жаңа халықаралық кинофестиваль. Оның мақсаты - Алматы қаласын Орталық Азия өңіріндегі ірі мәдени және саяхат орталығы ретінде, сонымен қатар әлемдік  киноқауымдастығын Қазақстан киноөндірісінің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру, елдің киноөндірісін дамыту, халықты қазақ фильмдеріне тарту және халықаралық ынтымақтастықтарды нығайту. Биылғы фестиваль «Мәдениеттер жақындастығы» деген ұранымен үш алаңда өтеді. Кинофестивальдің қазылар алқасына Алтын Пальма Бұтағының иегері, қазақстандық актриса Самал Еслямова кіреді.