Қытай Қазақстанға зымырандық жүйе сатады
Қытай мен Қазақстан 400 миллион долларлық әскери жабдықтар сату келісімді дайындауда.
«Фарс» ақпарат агенттінінің мәліметінше, China North Industries Corporation компаниясының директоры Джей Юлин: «Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шығыс экономикалық одағы отырысының аясында Қазақстанмен бұл елге AR-3 зымырандық жүйесін сату келісімге қол қою көзделуде»,- деп жариялады. Болжамдар бойынша, бұл жүйелер 2020 жылдың соңына дейін Қазақстанға тапсырылады. Ресми емес мәліметтерге сай Қазақстанға 12 AR-3 зымырандық жүйе, сондай-ақ оны тасымалдайтын 12 контейнер мен 500 басқарылатын зымыран сатылады. Келісімнің бағасы 400 миллион долларға теңелді. Қытайлық мамандардың бұл жүйені пайдалану әдісін қазақстандық техниктерге үйрету ықтималы өте жоғары.