Қазақстан Президенті Қырғызстан мен Өзбекстанды тәуелсіздік күндерімен құттықтады
Қазақстан Президенті жеке-жеке хат жолдап, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевті елдерінің тәуелсіздік күндерімен құттықтады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Жээнбековке хатында: "Қырғызстан тәуелсіздік жылдары ауқымды өзгерістерді бастан өткеріп, мемлекеттілікті қалыптастыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді",-деді.
Тоқаев Мирзиеевке хатында Өзбекстанды тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтап, ізгі тілектер айтып: "Тәуелсіздік жылдары Ташкент маңызды өзгеріс жолынан өтіп, мемлекеттілікті қалыптастыруда және халықтың әл-ауқатын жақсартып, халықаралық беделді нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді",-деді.
Ол Қазақстан мен Өзбекстан арасында ежелгі достық пен ортақ тарих негізінде диалогты дамыту қажеттігіне тоқталып, мұндай диалогтың екі ел арасында әсерлі қарым-қатынасты қалыптастыруға жақсы үлгі боларына сенім білдірді.