Шығыстану факультетінде парсы тілі курсы аяқталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i43251-Шығыстану_факультетінде_парсы_тілі_курсы_аяқталды
29-тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде Қазақстандағы парсы тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы өз жұмысын аяқтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 01, 2019 14:39 Asia/Almaty
  • Шығыстану факультетінде парсы тілі курсы аяқталды

29-тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде Қазақстандағы парсы тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы өз жұмысын аяқтады.

Курстың салтанатты жабылу шарасына доктор Саффар Моқаддам, Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Кебриаизаде мырза, факультет деканы Ы. Палтөре, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі П. Сүлейменов және Қазақстандағы парсы тілінің оқытушылары қатысты.

20-29 тамыз аралығында өткен осы курс барысында оқытушылар парсы тілі, жалпы шет тілдерін оқытудың заманауи әдістерімен және шетелдіктерге арналған соңғы жылдары жарық көрген парсы тілі оқулықтарымен танысты. Курс соңында оқытушылар Халықаралық Сағди қорының біліктілік сертификаттарын алды.