Тоқаев: Қытайға қарсы митингілердің мақсаты – Қазақстанда тұрақсыздық тудыру
Қазақстан Президенті Қытайға қарсы наразылық митингілеріне реакциясында: «Бұл геосаяси ойынның бір бөлігі»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қытайға қарсы митингілерге тоқталып: «Халық дұшпандардың өтірігіне сенбеулері керек. Олар халықтың патриоттық сезімі мен алаңдаушылықтарын жеке мақсаттарына жету үшін пайдалануды мақсат тұтады»,-деді.
Ол: «Қазақстанда Қытай тарапынан 55 зауыт салынатыны және көптеген қытайлықтардың елге келетіні туралы қауесеттер тарап кетті. Бірақ халық бұған көңіл аудармауы керек»,-деді.
Тоқаев: «Мұндай қауесет таратушылар – дұшпандар. Олар жеке мақсаттарын көздейді»,-деді.
Айтып өту керек, үстіміздегі жылдың 4 қыркүйегінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен ауданында 100-ден аса адамның қатысуымен наразылық акциясы өтті. Митингіге қатысушылар Қытай инвестициясымен 55 өнеркәсіп жобасының жүзеге асырылуын тоқтатуды талап етті.
Екі күннен кейін Алматы қаласында да наразылық акциясы өтті.