Қазақстанда әскери базада тағы жарылыс болды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i43550-Қазақстанда_әскери_базада_тағы_жарылыс_болды
Қазақстан Қорғаныс министрлігі Арыс базасындағы жарылыстың салдарынан 10 сапердің жарақат алғандарын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 23, 2019 18:09 Asia/Almaty
  • Қазақстанда әскери базада тағы жарылыс болды

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Арыс базасындағы жарылыстың салдарынан 10 сапердің жарақат алғандарын хабарлады.

 

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі елдің оңтүстігіндегі Арыс маңындағы әскери базада  жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дәрі жарылып, 10 сапердің жарақат алғанын жариялады.

Арыс әскери базасында 24 маусымда де өрт болып, оның салдарынан көптеген оқ-дәрілер жарылды. Осыған орай Қазақстан үкіметі  44000 халқы бар Арыс  қаласын босатқан, бірақ 29 маусымда халық үйлеріне қайытп оралды.