Қазақстандағы үкіметке қарсы шерулерде шетелдіктер басты рөл атқарды
(last modified Thu, 21 Nov 2019 11:52:53 GMT )
Қар 21, 2019 17:52 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы үкіметке қарсы шерулерде шетелдіктер басты рөл атқарды

Қырғызстанның саяси сарапшысы Ресей, АҚШ пен Ұлыбританияны Қазақстандағы үкіметке қарсы шерулерде басты рөл атқарған елдер деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Марс Сариев сәрсенбі күні: "Шетелдік ойыншылардың Қазақстандағы үкіметке қарсы шерулерді қолдаудан көздейтін басты мақсаты – бұл ел мен ортаазиялық басқа елдерде тәжірибелі басшыларды жастармен алмастыру.

Сан жағынан аз емес жастар жылдар бойы батыстықтар мен америкалықтар берген қаражатпен Кеңес одағынан кейінгі кеңістікте тәрбиеленді",-деді.

Өткен бірнеше күнде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында мыңдаған азамат үкіметке қарсы шерулерге қатысты. Ондаған наразыны полиция қамауға алды.  

Шерушілер Қазақстанның бұрынғы басшысы әрі осы елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы және жуырда үкіметте өкілеттігі артқан Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы ұран айтты.