Назарбаев: Мәскеу Нұр-Сұлтанның барлық саладағы сенімді серіктесі
(last modified Wed, 11 Mar 2020 12:54:00 GMT )
Нау 11, 2020 18:54 Asia/Almaty
  • Назарбаев: Мәскеу Нұр-Сұлтанның барлық саладағы сенімді серіктесі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті әрі Елбасы Ресей Президентімен кездесіп, Мәскеуді Нұр-Сұлтанның барлық саладағы сенімді серіктесі атады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Мәскеудегі кездесуінде Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясындағы екіжақты серіктестік мәселелерді талқыға салды. Назарбаев ЕАЭО іскер және және жақсы келешекке ие ұйым деп атап, Құрметті Төрағасы ретінде одақтың одан әрі дамуына өз үлесін қосатынын айтты. Ол сондай-ақ  екі  ел арасындағы қатынастардың тату көршілік пен одақтастық рухында және қағидаттарына сәйкес дамып келе жатқанын атап өтті.

Путин де Назарбаевтың  интеграциялық процестерді дамытуға және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесіне тоқталды. Ол: «Біз саяси келіссіөздерді жалғастырып келеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кездесіп отырамыз. Біздің елдеріміздің үкіметтері  қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда 19,7 пайызға артып, 20 миллиард долларға жетті. Бұл жақсы көрсеткіш»,- деді.