Иран мен Қазақстанның сауда айналымын 5 млрд долларға жеткізу мүмкіндігі бар
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i52812-Иран_мен_Қазақстанның_сауда_айналымын_5_млрд_долларға_жеткізу_мүмкіндігі_бар
Иран мен Қазақстанның ортақ сауда палатасының басшысы: "Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымын 5 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік бар",-деді.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Maм 24, 2021 15:09 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның сауда айналымын 5 млрд долларға жеткізу мүмкіндігі бар

Иран мен Қазақстанның ортақ сауда палатасының басшысы: "Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымын 5 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік бар",-деді.

Амир Абеди Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасында екінші үлкен нарық саналатынын айтып: "2020 жылы Қазақстанмен сауда көлемі экспортта 168 млн доллар, импортта 38 млн доллар болды. Сауда балансының оң сальдосы 130 млн долларды құрады. Зерттеулер көрсеткендей, Иран үшін сауданы 3-5 млрд долларға жеткізу мүмкіндігі бар",-деді. 

Иран мен Қазақстанның ортақ сауда палатасының басшысы: "Қазақстанның жалпы сауда көлемі 95 млрд долларды құрайды. Иран тиісті бағдарлама арқылы осы елдің саудасында 5 пайыз үлеске ие бола алады",-деді.