Қазақстан мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлері пікір алмасты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i52864-Қазақстан_мен_Түрікменстан_Сыртқы_істер_министрлері_пікір_алмасты
Қазақстан мен Түркіменстан Сыртқы істер министрлері екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Maм 26, 2021 17:57 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлері  пікір алмасты

Қазақстан мен Түркіменстан Сыртқы істер министрлері екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.

 

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мурадов екі елдің халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы туралы пікір алмасты.  Сонымен бірге биылғы жылы жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.