Мирзиёев пен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесуінің негізгі тақырыбы - екіжақты ынтымақтастық
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i53788-Мирзиёев_пен_Назарбаевтың_телефон_арқылы_сөйлесуінің_негізгі_тақырыбы_екіжақты_ынтымақтастық
Өзбекстан Президенті мен Қазақстанның бұрынғы Президенті Назарбаев телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты ынтымақтастықты талқылады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Шіл 07, 2021 17:29 Asia/Almaty
  • Мирзиёев пен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесуінің негізгі тақырыбы - екіжақты ынтымақтастық

Өзбекстан Президенті мен Қазақстанның бұрынғы Президенті Назарбаев телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

 

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесу барысында екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты талқылады. Телефон арқылы сөйлесу кезінде Өзбекстан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және үлкен табыстар, сондай-ақ осы елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Өзбекстан Президенті Назарбаевтың заманауи Қазақстанды құрудағы және елдің халықаралық аренадағы беделін арттырудағы тарихи рөлін, сондай-ақ оның достық қатынастар мен тату көршілікті, Өзбекстан-Қазақстан стратегиялық серіктестігін нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтеді. Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың кеңеюі де қаралып, сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм және бірлескен мәдени бағдарламалар саласындағы басым жобаларды ілгерілетудің маңыздылығы қуатталды.