БҰҰ Бас Ассамблеясы төрағасы Қазақстан Президентімен кездесті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i53906-БҰҰ_Бас_Ассамблеясы_төрағасы_Қазақстан_Президентімен_кездесті
Қазақстанға жұмыс сапарымен келген БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы бұл елдің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Шіл 13, 2021 14:27 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас Ассамблеясы төрағасы Қазақстан Президентімен кездесті

Қазақстанға жұмыс сапарымен келген БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы бұл елдің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Волкан Бозкыр мен Тоқаевтың кездесуінде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды және пандемияға қарсы күрестегі бірлескен іс-қимылдар, сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Токаев БҰҰ Бас Ассамблеясы төрағасының Қазақстанға және аймаққа сапарын Орталық Азия рөлінің өсіп келе жатқандығының белгісі ретінде атап өтті.   Қазақстан Президенті сөзінің жалғасында БҰҰ  мультилатерализмнің діңгегі ретінде сипаттап, Нұр-Сұлтанның БҰҰ мақсаттарын  толықтай қолдайтынын мәлімдеді. Екі тарап сонымен қатар Ауғанстандағы қазіргі жағдайға байланысты  аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселеге де тоқталды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстан Президентімен кездесуден бұрын бұл елдің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен  және Сенат басшысымен кездесті.