Қазақстан мен Пәкістан әскери салада әріптестік жасайды
Там 13, 2021 19:41 Asia/Almaty
Қазақстан мен Пәкістан басшылары әскери салада өзара әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пәкістан Қарулы күштері бас штабының басшысы Надим Реза Қазақстанға сапарында осы елдің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесіп, екі елдің ынтымақтастығы және аймақтық мәселелер жөнінде сұхбаттасты.
Осы кездесуде әскери-жауынгерлік оқу, мамандарды дайындау және өзара делегация алмасу мәселелері талқыланды.
Надим Реза Қазақстанның Ұлттық қорғаныс академиясын аралайды деп жоспарлануда.
Тегтер