Қазақстан СІМ Ауғанстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i54696
Қазақстан СІМ мәлімдеме жасап, Ауғанстанда биліктің бейбіт түрде тасымалдануын қамтамасыз ету қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 20, 2021 15:49 Asia/Almaty
  • Қазақстан СІМ Ауғанстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан СІМ мәлімдеме жасап, Ауғанстанда биліктің бейбіт түрде тасымалдануын қамтамасыз ету қажеттігін қуаттады.

Қазақстан СІМ-нің мәлімдемесінде: «Ұзақ мерзімді тартыс Ауғанстан халқының өз қолымен шешілуі тиіс. Бұл елдің тарихында тағдыр анықтайтын оқиғалар болайын деп жатыр»,-делінген.

Мәлімдемеде: «Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жан-жақты өкілетті үкімет құру, азшылықтар мен әйелдер құқығына құрмет көрсету, басқа елдерге қоқан-лоққы жасайтын топтардың алдын алу туралы мәлімдемесін қолдайды»,-делінген.  

Осы баптарды орындау Ауғанстанның жаңа үкіметімен диалог бастаудың шарты болуы керек.