Қазақстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылады
(last modified Wed, 04 May 2022 15:48:04 GMT )
Maм 04, 2022 21:48 Asia/Almaty
  • Қазақстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылады

Қазақстан Президенті әлеуметтік желілерге жаңа шектеулер қойылатынын жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні ел Парламентінің әлеуметтік желілерге жаңа шектеулер қою туралы даулы қаулысын қолдады.

Қазақстан Президенті шешімімен әлеуметтік желілер қолданушыларды жалған ақпараттан сақтау және балаларға әлімжеттіктің алдын алу сылтауымен жабылады.

2 сәуірде Қазақстан Парламентінде әлеуметтік желілерге шектеу қою жобасы бекітілді.

Бұдан былай шетелдік әлеуметтік желілер Қазақстанда жұмыс істеу үшін лицензия алып, жергілікті кеңсе ашуға міндеттеледі.

Әлеуметтік желілерге Қазақстан Президентінің бұйрығын орындау үшін алты ай уақыт беріледі.

Соттың үкімінсіз вебсайттардың жұмысын тоқтату да аталмыш жобада ұсынылған баптардың бірі болды.