Маусым 20, 2022 01:54 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Украина мәселесіндегі басты түйткіл – Батыс елдерінің НАТО-ны кеңейту жоспары

Ислам революциясының жетекшісі Қазақстан Президенті және оның делегациясымен кездесуінде: «Украина мәселесіндегі басты түйткіл – Батыс елдерінің НАТО-ны кеңейту жоспары»,-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи жексенбі күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және оның делегциясымен кездесуінде: «Украина мәселесіндегі басты түйткіл мынау: Батыс елдері НАТО-ны кеңейтуді көздеп отыр. Олар кез келген жерде өз ықпалын арттыруды қалайды»,-деді.

Аятолла Хаменеи: «Мәселелерді жіті бақылап, нақты талқылап, абай болу керек. Өйткені америкалықтар мен батыстықтар әрдайым түрлі аймақтарда, соның Азияның шығысы мен батысында өз ықпалын кеңейтіп, басқа елдердің тәуелсіздігі мен беделіне соққы жасауды мақсат тұтады»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Қазақстанның терең тарихи-мәдени байланыстарына тоқталып, екі елдің түрлі салалардағы әріптестігін әсіресе аймақтық ынтымақтастығын одан ары арттыру керегін айтты.

Аятолла Хаменеи екіжақты қарым-қатынасты кеңейту үшін саяси-экономикалық мәселелер саласында үйлесімді әрекет ету керегін айтып, ортақ комиссия жұмысын жандандыруды тапсырып: «Қос тарап келісімдердің орындалуын қадағалауға еселене күш салуы керек»,-деп еске алды.

Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Қазақстанның мәдени әріптестігін дамытуды маңызды деп атап: «Қазақстанда туған әл-Фараби – ислам философы әрі ойшылы. Иранда мың жыл бойы оның еңбектері зерттеліп, талқыланып келеді. Әл-Фараби екі ел арасында ортақ ғылыми комитет құруға және мәдени әріптестікті дамытуға негіз бола алады»,-деді.

Иран Президенті Ибрахим Раиси де қатысқан кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Иран Президентімен өте жақсы келіссөз жүргіздік. Қос тарап қол қойған құжаттар екі ел қарым-қатынасын одан ары кеңейтуге жағдай жасай алады»,-деді.

Қазақстан Президенті Иран мен Қазақстанның терең тарихи-мәдени ортақтықтарға ие екенін айтып, Ислам революциясы жетекшісінің әл-Фарабиге қатысты ғылыми комитет құру туралы ұстанымын қолдап, аймақтық мәселелер және Украинадағы жағдай жөнінде өз көзқарасын баяндап, жылдың басында Қазақстанда төңкеріс жасауға бағытталған сәтсіз талпыныстан кейінгі жағдайды түсіндірді. 

Тегтер