Қазақстан мұнай экспортындағы шектеулерге қарсы тұру шешімін іздеуде
(last modified Thu, 07 Jul 2022 12:31:24 GMT )
Шіл 07, 2022 18:31 Asia/Almaty
  • Қазақстан мұнай экспортындағы шектеулерге қарсы тұру шешімін іздеуде

Қазақстан үкіметі мұнай экспортына шектеулерге қарсы тұру шешімін іздеуде.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі сәрсенбі күні елдің шикі мұнайын Ресей арқылы Қара теңізге жіберетін Каспий құбыр консорциумы (КҚК)  мұнай экспортына қойылған шектеулердің ықпалына қарсы тұру жолдарын қарастырып жатқанын хабарлады.

Дүниежүзіндегі мұнайдың шамамен 1 пайызын бақылайтын Каспий құбыр консорциумы (CPC) сәрсенбі күні ресейлік соттың мұнай төгілуіне  байланысты консорциумге 30 күнге жұмысын тоқтатуға бұйрық бергенін хабарлады.  Тоқтатуға Ресейдің тұтынушылардың құқықтарын қорғау органы (Роспотребнадзор) анықтаған техникалық мәселелер себеп болды.