Қазақстандық мұнай құбыры жабылған жағдайда жаһандық мұнай жеткізілімі азаяды
(last modified Tue, 12 Jul 2022 13:33:06 GMT )
Шіл 12, 2022 19:33 Asia/Almaty
  • Қазақстандық мұнай құбыры жабылған жағдайда жаһандық мұнай жеткізілімі  азаяды

Каспий консорциумының мұнай құбырының жабылуы жылына 50 миллион тонна мұнай өндіруді қысқартады.

 

Өткен сәрсенбіде Ресейдің Новороссийск қаласының соты Каспий құбыр консорциумын 30 күнге қызметін тоқтатуға міндеттеді. Бұл құбырдан мұнай тасымалдауды тоқтатудың салдары туралы қорқыныш әлемдегі мұнай нарығын алаңдатты. Қазақстан мұнайын Ресейдің Новороссийск портындағы Қара теңіз экспорттық терминалына жеткізетін Каспий консорциумы құбырының жабылуы әлемдік нарықтағы мұнай жеткізілімін іс жүзінде бір пайызға қысқартты. Батыстағы энергетикалық компанияларға ауыр зиян келтірумен қатар, энергетикалық дағдарысты күшейтеді. Бұл құбыр Ресей аумағын кесіп өтеді және батыс, азиялық, ресейлік және қазақстандық компаниялардан тұратын консорциумға жатады.