Қазақстанда тек QazVac вакцинасы қолданылады
Шіл 29, 2022 13:59 Asia/Almaty
Қазақстан жақын болашақта тек ел ішінде өндірілген коронавирусқа қарсы вакцинаны қолданады.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, осы күнге дейін елде 1341265 адам коронавирус жұқтырған.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Айжан Есмағамбетова: «Қазақстан болашақта тек QazVac вакцинасын қолданады. Өйткені шын мәнінде бүгінде елдегі вакцина өндіру зауытының әлеуеті ішкі қажеттілікті өтеуге толық жетеді»,-деді.
Қазіргі таңда Қазақстан халқының басым бөлігін коронавирусқа қарсы вакцинациялау үшін QazVac және Қытайдың Sinopharm вакциналары қолданылады.
Тегтер