Тоқаев: Үкіметтің сауда ісіне араласуын тоқтатамыз
Қазақстан Президенті осы елдің ірі компаниялары өкілдерімен кездесуінде үкіметтің сауда ісіне араласуын тоқтату керегін айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстан халқына жолдауында: «Халықтың әл-ауқатын сапалық тұрғыдан өсіру – үкіметтің басты саяси-экономикалық мақсаты. Бұған тек еркін әрі тиімді нарықтық экономика қалыптастыру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Үкіметтің экономика саласындағы шешуші рөлі мен оның сауда ісіне араласуын тоқтату керек. Үкіметтің міндеті – ел ішінде және халықаралық нарықтарда мықты саудаға көмектесу»,-деді.
Тоқаев үкімет пен елдегі сауда саласы арасындағы әрекеттестік принциптерін атап өтіп: «Айшықты көрсеткіштер ынсапты бәсекелестік, шешімдердің ашықтығы, үкімет саясатының болжауға болуы, кәсіпкерлерге салынатын салықтың шынайылығы және кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі болуы керек»,-деді.