Қыр 25, 2022 18:52 Asia/Almaty
  • Қазақстанның ұлттық мейрамдар тізімінен Тұңғыш Президент күні алынып тасталды

Қазақстан Парламентінің Сенат палатасы осы елдің ұлттық мейрамдар тізімінен Тұңғыш Президент күнін алып тастады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл мейрам тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың лайықты қызметін ресми түрде танып, ұлықтау үшін белгіленген болатын.

Назарбаев 2019 жылы сәуір айында биліктен бас тартып, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті лауазымын өз міндетіне алды.

Назарбаев Қазақстан Президенті қызметінен кетсе де, елдің Қауіпсіздік кеңесінің  мәңгі басшысы әрі Нұр-Отан партиясының төрағасы болып қала берді. Алайда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін бұл лауазымдардан да айырылды.     

 

Тегтер