Қаз 27, 2022 23:10 Asia/Almaty
  • Тіл – қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде жоспарға сай жыл сайын пәндер апталықтары өткізіліп тұрады. Қазанның 10-20 күндері аралығында «Тіл – қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы» атты лингвистика циклының онкүндігі өтті.

Бұл циклда қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәнінің оқытушылары қызмет етеді. Бұл іс-шараларға пән мұғалімдері мен колледж білім алушылары белсене қатысты.

Онкүндік шараны ПК, ПОК, ПДР-топтары «Тіл – қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы» атты лездемесімен ашты. Онкүндік барысында ағылшын тілінің оқытушысы Бектурова Д.Т. ПДР -311тобында «Discussing travel», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Хамитова Мақпал Нұрланқызы ПДР-106 тобында Қадыр Мырза Әлі «Аралым», ағылшын тілінің оқытушысы Рысбекова Бахытгүл Адильбекқызы  ПДК-204 тобында «Adjectives and adverbs», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Әсембаева Алтын Шәкіржанқызы ПК-101 тобында «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет пен өнер құндылықтары»,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Идрисова  Гүлжан Асанқызы ПК-102 тобында «Түрксіб темір жолы. Сөз дәлдігі», ағылшын тілінің оқытушысы Кенебаева Майра Аханбайқызы УАР-203, ПР-202 тобында «Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның біріккен патшалығының құрылымы» тақырыптарында ашық сабақ өткізді.

Пән мұғалімдері өз сабақтарын, сыныптан тыс шараларды өткізу барысында АКТ-ны тиімді қолданып, интерактивті тақтамен жан-жақты жұмыс жасады. Сонымен қатар, тыңдаушылардың арасында «Тілім – менің тірегім» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы, «Тіл – қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы» тақырыбында эссе жаздыру мен  қабырға газетін шығарудан байқау өткізілді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Хан Роза Алексеевна «Язык – лучший посредник для установления дружбы и согласия» тақырыбында кешті қорытындылады.  Кеш соңында колледжіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі М.Н.Аппакова құттықтау сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта  мәнерлеп оқудан, эссе жазудан, қабырға газетін шығаруда белсенділік танытқан топтарды, жеңімпаз топтарды мақтау қағазымен марапаттап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.

Білім алушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашты. Кеште Мұқағалидың жырын оқыған Бекенай Дінмұхаммед өзінің қоңыр дауысымен, мәнерлеп оқуымен көрермен қауымын таңқалдырды. Орыс тілінде жыр оқыған Патошина Лада әртістік қабілетімен дүйім жұртты таңғалдырды. Концерттік бағдарламаны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Алтын Шәкіржанқызы жүргізді.

Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

жоғары санатты оқытушысы            

Идрисова Г.А.

 

Тегтер