Ақыл-ойды дамыту – тәрбиенің басты мәселесі
(last modified Sun, 13 Nov 2022 18:56:09 GMT )
Қар 14, 2022 00:56 Asia/Almaty
  • Ақыл-ойды дамыту – тәрбиенің басты мәселесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еліміздің жетекші жоғарғы оқу орны және мақтанышы болып табылады. Ол түрлі мамандықта студенттерді даярлап, білім беретін бірден-бір еңсесі биік жоғары оқу орны.

Университетімізде https://www.kaznu.kz шет елден келген қандас бауырларымызға да мемлекет тарапынан жағдай жасалған. Олар 1 жыл дайындық кафедрасында қалаған пәндері бойынша білім алып, ҰБТ-ға қатысып бағын сынай алады.  Грант жеңіп алуға мүмкіндіктері молшылық.

         Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Білім беруде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану – білім алушының жаңаша ойлауына, жан-жақты ізденіп талаптануына, өз бетінше жұмыс жасап, нақты нәтиже беретін қорытынды жасай білуіне үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

       ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушылардың білім сапасына аса мән беріліп, олардың жан-жақты білім мен  тәрбие алуына мүмкіншілік жасалған.

Білім беру үдерісінің барынша сапалы болуын қамтамасыз ету –оқытушының басты мақсаты. Мысалы, білім берудің сандық құралдарының түрлері қазіргі технология дамыған заманда өте көп. Осындай сандық құралдарға Padlet, Mentimeter, Kahoot, Quizizz, Quizlet, Miro, Trello деген сияқты көптеген бағдарламалар жатады. Quizizz бағдарламасын білім берудің сандық құралы ретінде пайдалану қазіргі кезде өте тиімді. Бұл сандық құралды пайдалану нәтижесінде болашақ талапкерлер тест сұрақтарына  нақты әрі тез жауап беруге дағдыланады.

Оқытушылар тесттік сұрақтарды таңдау пәндеріне сәйкес тыңдаушының қабілеті мен деңгейі бойынша өзі құрастырады. Әр сұрақтың деңгейіне қарай шекті уақыт беріледі. Интеллектуалды ойынды қашықтықтан ойнату арқылы тыңдаушылардың білім деңгейін бақылай алады.

Жас ерекшелігіне қарамастан, кез келген білім алушыны ойын қызықтыратыны бәрімізге мәлім. Заман талабына сай білім беру әдістеріне жаңаша көзқараспен қарасақ, әр тыңдаушының болашағын жарқын етуге аз да болса септігін тигізері сөзсіз.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

аға оқытушылары Қасымова К.А, Үсенбекова А.Е, Сандықбаева Ө.Д.