Қар 14, 2022 01:57 Asia/Almaty
  • Экологиялық апат және оның қоршаған ортаға тигізер әсері

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының «Жас биолог» үйірмесі аясында «Экологиялық апат, оның қоршаған ортаға тигізер әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Бұл іс-шараға дайындық кафедрасында оқитын, ҚХР, Ресей, Өзбекстан және Монғолиядан келген білім алушы қандас тыңдармандар қатысты. Олар биолог, эколог және медицина саласы қызметкерлері мамандығын таңдаған жастар.(https://www.kaznu.kz)

Дөңгелек үстел барысында ғаламдық экологиялық мәселелер, сонымен қатар шығыстағы көршіміз ҚХР мен Қазақстанның алаңдаушылық тудырып отырған экологиялық аймақтары талқыланып, ғылыми деректер мен зерттеулердің қорытындылары тілге тиек етіліп, әңгіме өрбітілді. Тыңдаушылар Жер-анамыздың қазіргі ғаламдық экологиялық ахуалы – ауқымды жылыну, озон қабатының ыдырауы, тұщы сулардың химиялық өндірістер нәтижесінде ластануы алаңдататынын, оған жаны ашитынын  білдірді. Топтағы белсенді тыңдаушылар – Ерболат Данияр, Дәлелхан Батыр, Нұрғазы Абай, Әуезбек Бүлдіршін ғылыми әдебиеттерден ізденіп, ғаламшарымыздағы экологиялық апатты аймақтар туралы дәлелді   мағлұматтар келтіріп, ойларын ортаға салды. Іс-шара барысында қазақстандық ғалым, биология ғылымына ауқымды үлес қосып жүрген А.Ж. Жатқанбаев түсірген «Алтынемел» ұлттық саябағы туралы ғылыми-деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар әрбір тыңдаушы өз еліндегі экологиялық    асқынған аймақтар туралы айтып, оны шешу жолдарына қатысты ойларын бөлісті.

Қорытындылай келе, тыңдаушылар  қоршаған ортаны қорғауға үлес ретінде Алматы қаласының Медеу шатқалында орналасқан демалыс орны – Бутаковка аймағын қоқыстан өз еріктерімен жинауға әзір екендерін білдірді. Әрбір тыңдаушы экологиялық мәселелердің жалпы адамзатқа ортақ мәселе екендігі, Жер-ананы аялау, қорғау қажеттігі барлық буын өкілдеріне аманат екендігін түсінді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті 

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы

аға оқытушыcы Үсенбекова А.Е.

Тегтер