Қазақстанның Ирандағы Елшісі: Астана-Теһран қарым-қатынасының көкжиегі айқын
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i65576-Қазақстанның_Ирандағы_Елшісі_Астана_Теһран_қарым_қатынасының_көкжиегі_айқын
Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Астана-Теһран қарым-қатынасының болашақ көкжиегін жарқын деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 16, 2022 18:35 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Ирандағы Елшісі: Астана-Теһран қарым-қатынасының көкжиегі айқын

Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Астана-Теһран қарым-қатынасының болашақ көкжиегін жарқын деп атады.


 

IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, Асхат Оразбай 20 қарашада өтетін осы елдің президенттік сайлауына қатысты мақаласында: «Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы салған берік негізді ескере отырып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың болашағына оптимистік көзқараспен қарауға көптеген себептер бар. Иран мен Қазақстан арасындағы 2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығындағы сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3 пайызға артып, 350,2 миллион долларға жетті»,- деп жазды.

Қазақстанның Ирандағы елшісі  сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне тоқталды.