Қар 23, 2022 20:22 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан шекаралық келісімге қол қоюға дайын

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бұл ел мен Өзбекстанның шекаралық келісімге қол қоюға дайын екенін хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: «14-19 қараша аралығында Ташкентте шекараларды белгілеу жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан бірлескен комиссиясының 100-ші отырысы өтті. Осы кездесу барысында екі тарап осы келісімге қосымша болып саналатын шекараны демаркациялау туралы келісімнің жобасын және шекараны анықтау бойынша қорытынды құжаттардың жобасын дайындады. Сондай-ақ екі тарап Қазақстан-Өзбекстан бірлескен шекара комиссиясы жұмысының қорытынды хаттамасына қол қойды»,- деді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараның белгіленген сызығының ұзындығы 2356 шақырымды құрайды. Екі елдің шекара сызығына 1301 шекаралық белгі орнатылды.