Қазақстаннан Германияға 300 мың тонна мұнай экспортталады
(last modified 2023-01-15T16:10:37+00:00 )
Қаң 15, 2023 22:10 Asia/Almaty
  • Қазақстаннан Германияға 300 мың тонна мұнай экспортталады

Қазақстанның "Қазтрансойл" компаниясы Ресейдің Энергетика министрлігінен "Транснефт" мемлекеттік компаниясының құбырлары арқылы Германияға 300 мың тонна мұнай тасымалдауға рұқсат алғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қазтрансойл" компаниясы: "2023 жылдың алғашқы үш айында Ресейдің "Транснефт" мемлекеттік компаниясының құбырлары арқылы Германияға мұнай жөнелтеміз. Бұл  жайында ТМД елдерінің мұнайын Қазақстан арқылы транзиттеуге қатысты Ресейдің Энергетика министрлігі растаған бағдарламада айтылған",-деп хабарлады.

Қазақстан Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, бұл ел Германияға жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай алады.

Осы мәлімет бойынша, Қазақстан мұнайын транзиттеу 2002 жылы 7  маусымда Қазақстан мен Ресей арасында бекітілген үкіметаралық келісім аясында жүзеге асады.

Бұған дейін Ресейдің Қазақстан мұнайын Германияға транзиттеуге көмектесуге дайын екені жарияланған болатын. 

Тегтер