Қазақстан халқы Наурыз қарсаңында Амал мейрамын тойлады
(last modified Tue, 14 Mar 2023 17:26:43 GMT )
Нау 14, 2023 23:26 Asia/Almaty
  • Қазақстан халқы Наурыз қарсаңында Амал мейрамын тойлады

Қазақстан Президенті халықты көктем мен Наурыз мейрамының жақындағанын білдіретін символ ретінде Амал мейрамымен құттықтады.

Қазақстан халқы 14 наурызда Наурыз мейрамының басы ретінде Амал немесе Көрісу мейрамын тойлайды. Бұл күні қазақтар көрісу рәсімін жасап, туған-туыс пен дос-жаранның үйіне барады. Қырық үйдің есігін қағу керек деп сенеді. Кішілер үлкендердің үйіне барып, олардан жаңа жылдың басында бата беріп, дұға жасауын сұрайды. Сондай-ақ бұл күні сыйлық сыйлап, бір-бірінің қателіктерін кешіру рәсім болған.    

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі жеке парақшасында: "Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының айқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!",-деп жазды.

Қазақстан халқының ең ұлық мейрамы – Наурыз. Осы мерекеге орай үш күн демалыс жарияланған.