Maм 17, 2023 16:27 Asia/Almaty

Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысының өнеркәсіп менеджерлері Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Гүлстан облысының азық-түлік және құрылыс өнімдері саласындағы жеке сектор компанияларының он екі менеджерінен құралған делегация Қазақстанның Алматы қаласына барып, олардың мүмкіндіктерімен таныстырды. Олар Алматы әкімдігінің инвестициялар жөніндегі вице-президентімен әңгімелесті.

Алматыдағы ИИР консулы Милад Хейрандиш те қатысқан бұл басқосуда екі ел өкілдері алдымен фильм көрсету арқылы өз елдеріндегі инвестицияның мүмкіндіктерін таныстырды.

Алматы әкімдігінің инвестиция жөніндегі вице-президенті Қазақстанның шетелдік инвестицияға қатысты жаңа жоспарларын түсіндіру арқылы Иран мен Қазақстан арасындағы бірлескен жобаларға дайын екенін мәлімдеді.

Иран мен Қазақстан екі ел президенттерінің көптеген кездесулері мен олардың қарым-қатынас деңгейін жақсарту және экономикалық алмасулар көлемін үш миллиард долларға ұлғайту жолындағы табандылығына тоқталып, Иранның Алматыдағы консулы тарихи оқиғаларға тоқталды, және екі елдің мәдени ортақтығы мен Иранның экономикалық әлеуеттері экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін еске салды.

Гүлстан облысының Қазақстандағы экономикалық делегациясының басшысы Эхсан Малек Шахкоуи Иран Пресс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Гүлстан облысының Қазақстанмен ерекше әріптестік қарым-қатынасы бар және бұл облыста жеті мыңға жуық қазақ тұрады, бұл ынтымақтастық үшін өте жақсы негіз болып табылады»,- деді.

Гүлстанның экономикалық делегациясы кеше түнде Алматыдан Қазақстанның Ақтау портына аттанды.

Тегтер