Maм 25, 2023 23:35 Asia/Almaty
  • Иранның Ғылым вице-министрі Алматыдағы ЖОО-да кездесу өткізді

Иранның Ғылым, зерттеу және технология вице-министрі, доктор Вахид Хаддади Асл 24 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінде кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарды арттыруға, әл-Фараби мұрасын зерттеуде серіктестік жасауға мүдделік танытты. Сонымен қатар парсы тілінен білікті мамандар дайындау тақырыбы да талқыланды.

Доктор Вахид Хаддади Асл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетіне барып, ұстаздармен кездесіп, парсы тіліне қатысты пікір алмасты.

Айта кетейік, Иранның Ғылым, зерттеу және технология вице-министрі әрі министрліктің халықаралық ғылыми байланыстар орталығының басшысы доктор Вахид Хаддади Асл Алматыда 25-26 мамырда өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін келді.

Тегтер