Сәу 14, 2024 16:49 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ашық есік» күні өтті

2024 жылдың 11 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мен гимназияларының жоғары сынып оқушыларына және колледж студенттеріне кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

2024 жылдың 11 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мен гимназияларының жоғары сынып оқушыларына және колледж студенттеріне кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

Осы іс-шараға Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарғалы №2 мамандандырылған лицейінің, Б.Атыханұлы атындағы №36 мектеп-гимназияның, Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицейдің, Алматы қаласындағы №205 жалпы білім беретін мектептің, Алматы қаласындағы №133 мектеп-гимназияның, Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның мұғалімдері мен оқушылары, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ХБА колледжінің оқытушылары мен студенттері, ата-аналар қатысты.

Алматыдағы Иранның бас консулы Мохсен Фағани мырза

Ашық есік күнінің аясында «Шығыс мәдениеті фестивалі» ұйымдастырылды. Факультет оқытушылары мен студенттері келген қонақтарды оқытылатын шығыс елдерінің мәдениетімен жақын таныстыру мақсатында  шығыс тілінде концерттік бағдарлама дайындады. Ирантану бөлімінің оқытушысы Ғ.А.Қамбарбекова иран халқының ұлттық аспабы дафпен өнер көрсетті. Сондай-ақ, ұлттық киімдер дефилесі болды. Әр шығыс елінің ұлттық киімдері көрсетілді. Іс-шара шығыс халықтарының ұлттық тағамдарын, тәттілерін таныстырумен жалғасты.  

Ирантану бөлімінің көрмесі

            Ирантану бөлімі осы іс-шараға ерекше дайындалды. Ирантану бөлімінің шақыруымен Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы №2 мамандандырылған лицейінен ұстаздарымен бірге 80 оқушы келді. Ирантану бөлімінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ғалия Қамбарбекова оқушыларға арнап Иран тақырыбында викториналық сұрақтар беріп, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар табыстады. «Ашық есік» күніне құрметті қонақ ретінде  Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулы Мохсен Фағани, Алматы қаласындағы Иран Мәдени өкілдігінің басшысы Хосейн Ағазаде, Иран-Қазақстан сауда палатасынң өкілі Джавад Хосейни мырзалар қатысты. Иран Мәдени Өкілдігі осы шараға арнап Иран қолөнері көрмесін дайындады. Оқушылар мен ұстаздар бұл көрмеге үлкен қызығушылық танытты.

Кеш соңында қонақтарға алғыс хаттар табысталып, фото түсірілді. Іс-шара танымды, жоғары деңгейде ұйымдастырылған кеш болды.

 

Материалды дайындаған: аға оқытушы А.Ж. Боранбаева

Тегтер