Сәу 19, 2024 18:26 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Сағди күніне арналған әдеби кеш өтті

Шығыстану фаультетіннің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен 18 сәуірде Сағди күніне арналған әдеби кеш өтті.

Әдеби кештің мақсаты – парсы әдебиетінің белді өкілдерінің бірі, ұлы ақын Сағди Ширазидың шығармашылығы жөнінде пікір алмасу, оның әдеби мұрасын насихаттау. Кешке қатысушы қонақтар парсы тілінде ақын шығармаларынан өлең оқыды. Әдеби кеште шығыстану факультетінің деканы Наталья Ем, Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулы Мохсен Фағани,  Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Равшан Бобохонзода, Алматы қаласындағы Иран Ислами Республикасы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдіктің басшысы Хосейн Ағазаде, Тұран-Иран ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей, ирантану бөлімінің Ираннан шақырылған оқытушысы доктор Ф. Шакиба, докторант Каландарзода Субхониддин Джамол (Тәжікстан), Pars Today агенттігінің қызметкері  Гаухар Омарханова сөз сөйледі.

Иран Мәдени Өкілдігі тарапынан студенттерге сыйлықтар берілді.

Шарада баяндамашылар Cағди Ширазидың  шығармашылығына жан-жақты тоқталып, оның құнды жақтарына айрықша көңіл бөлді. Сонау 13-ғасырда жазылған қуатты афоризмдері ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа тарап отырғанын және  оның шығармаларының биік адамгершілік рухта жазылғанын, шығармаларындағы сөз иірімдерінің шебер берілуі, насихат пен ғибратқа толылығы,  тіпті олардың қаншама уақыт  зымырап өтсе де, болашақ ұрпақ үшін құнын жоғалтпағанын атап өтті. Сонымен қатар кешке қатысушы қонақтар ақын шығармашылығының әлем әдебиетіне қосқан үлесі, қазақ тіліндегі аудармалары мен жаңа зерттеу жұмыстарымен ой бөлісті.

Сағди күніне арналған әдеби кеш

Кеш соңында студенттер мен магистраннтар өлең оқыды және ол студенттерге Иран Мәдени Өкілдігі тарапынан сыйлықтар берілді.

Материалды дайындаған: аға оқытушы Боранбаева Айман Жұбатқанқызы

Тегтер