Тоқаев Қазақстанның тәліптерді террорлық ұйымдар тізімінен алып тастау себебін айтты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i77548
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесуінде Ауғанстандағы жағдайға айрықша тоқталды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 05, 2024 17:22 Asia/Almaty
  • Тоқаев Қазақстанның тәліптерді террорлық ұйымдар тізімінен алып тастау себебін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесуінде Ауғанстандағы жағдайға айрықша тоқталды.

Қазақстан Президенттің пікірінше, қазіргі кезеңдегі стратегиялық міндеттердің бірі – Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсенді тарту.

Қазақстан тәлібтер режимін террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады. Өйткені қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды әрі бүгінгі режим ұзақмерзімді фактор болады деп ойлаймыз, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл мәселеде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің өзара келісілген ұстанымы болуы керек екеніне назар аударып, Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.