Қазақстан «шейх Халилді» Сауд Арабиясынан экстрадициялауды талап етті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i8137
Қазақстан үкіметі бұл елдегі салафиттер ағымының негізгі жетекшілерінің бірі, «шейх Халил» деп танымал болған Әбдіхалил Әбдіжаппаровты Сауд Арабиясынан экстрадициялауды талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 25, 2016 15:12 Asia/Almaty
  • Қазақстан «шейх Халилді» Сауд Арабиясынан экстрадициялауды талап етті

Қазақстан үкіметі бұл елдегі салафиттер ағымының негізгі жетекшілерінің бірі, «шейх Халил» деп танымал болған Әбдіхалил Әбдіжаппаровты Сауд Арабиясынан экстрадициялауды талап етті.

«Фарс» ақпарат агенттігінің «Ислам СНГ» ақпарат базасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Астана үкіметі Риядқа нота жолдап, «шейх Халилді» экстрадициялауды талап етіп, оның Қазақстанда, әсіресе елдің батыс аймақтарында "таза ислам» деген атаумен бұл елдің мұсылмандарының жергілікті сүннеттеріне қайшы келетін экстремистік ой-пікірлерді таратқаны үшін айыпталғанын мәлімдеді.

Бейресми мәліметтер бойынша, «шейх Халил» 2015-ші жылдың 20-шы желтоқсанында Медине қаласында төртеуі қазақ болған Қазақстанның басқа бес азаматымен экстремистік ой-пікірлерді таратқаны үшін тұтқындалған.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жақында Әбдіхалил Әбдіжаппаровтың жақындарына оның жақын арада елге қайтарылатынын және оның Қазақстанда вахабизмді насихаттағаны туралы мәліметтердің ұсынылатынын хабарлады.