Maм 26, 2022 00:04 Asia/Almaty
  • Кидонның қанішерлері – Моссадтың жандайшаптары

Кидон – Моссадтың ең жылдам лаңкестік бөлімшелерінің бірі. Кидон Моссадтың ішіндегі кіші Моссад болса да, тіпті тәуелсіз планета саналса да, шындық мынада: Кидонның оперативтік қызметкерлері өте жасырын әрекет ететіндіктен белгісіз болып қалады. Әскери цензура олардың Израиль ақпарат құралдары тарапынан танылуына тосқауыл қойып отыр.

Өткенге шолу жасасақ, кайсарилер – Сирия және Иран сияқты Израильге қарсы елдер территориясына енген яһуд және яһуд емес лаңкестерді басқаратын оперативтік бөлім. Кайсарилер басқармасы айрықша жағдайларда қызмет көрсету үшін Кидонды құрды. Онда әйел және ер адамдар түрлі лаңкестік және бүлдіргі әрекеттер жасауға дайындалады. Бәрінен маңыздысы: олар шекаралық және алыс жатқан аудандарда әрекет етуге қажетті шеберлік пен біліктілікке ие болады. «Сайерет Маткаль» және «Флотила-13» сияқты арнайы оперативтік бөлімдердің көбі Кидонға ауыстырылған. Иврит тілінде «Хулия» деп аталатын екі немесе төрт адамдық топтарда жұмыс істейді. Кидонда жұмыс істейтіндер саны ешқашан жарияланбаса да, бұл бөлімде бірнеше Хулия бар. Олар Моссадтан бөлек орналасқан. Кидонның кеңсесі «Галилот» қиылысында орналасқан Моссадтың орталық штабында емес. Олар Моссадтың орталық штабына өте сирек барады. Тіпті Моссад қызметкерлерімен қарым-қатынаста бүркеншік аттарды пайдаланады. Сөйтіп Моссадтың қызметкерлеріне де белгісіз болып қалады. Кидонның қанішерлері әдеттен тыс жағдайға түскенін көрсетпеу үшін қимылдамаулары керек. Кидонның адамдары әдетте іс-қимыл алаңдарында қажет практикалық қабілеттерге ие. Мысалы, құлыпты ашу немесе бұзу, жасырын суретке түсіру, электронды құралдарды орнату. Олар пышақтау, ине салу, түрлі тәсілдермен у қолдануда өте тәжірибелі.

Израиль үшін Кидонның қанішер бейнесі пайдалы

Моссадтың құрамындағы Кидон мүшелерінің Израильдің қанішерлері екені ешкімге жасырын емес. Мұнымен қоса, олар жай ғана өлім отряды емес, кез келген іске жарайтын үздік қауіпсіздік қызметкерлері саналады. Моссад басшылары оларды өте күрделі тыңшылық амалдар сияқты қатерлі миссияларды орындауға таңдайды. Бірақ Моссадтың бұл шағын командасы өз-өзіне арқа сүйейді.  Егер қиындық туындаса, Израиль олардың істеріне жауапкершілікті ресми түрде өте сирек қабылдайды немесе ашық түрде оларға көмектеседі.

Үздік зеңбіректі ойлап тапқан адамның көзін құрту тәсілі

Израильдің қауіпсіздік ұйымдары белгілі бір адамды жояр алдында әдетте оны өзінің тыңшысы қылуға тырысады, оған ескерту жасайды немесе оны қорқытады. Егер ол Израиль қауіпсіздік ұйымдарының талабына көнбесе немесе күдіктенсе, сол кезде Моссад оны сахнадан алып тастайды. Басқа жағынан Моссадтың айтуынша, күдікті адамдарды бақылау үшін оперативтік қызметкерлер жеткіліксіз. Израильдіктер нысанаға алынған адам келеді деген жерлерде күтіп отырады.   

Израиль өз тарихында қауіпті деп тапқан адамдарын мақсатты түрде таңдап, өлтірді. «Үздік зеңбірек» – канадалық ғалым Джералд Булдың өнімі. Ол өз идеяларын қаржымен қамтамасыз ететін кез келген адам үшін қару жобалайды. Бул Брюссельде дос қызы жалға алған пәтерде тұрған. Бұл пәтер Юсел ауданындағы заманауи ғимараттың алтыншы қабатында орналасқан. Моссад кейіннен Израильдің Премьер-министрі болған Исхақ Шамирді оперативтік қызметкер деп бекітіп, Булды өлтіруге шешім қабылдады.  

Кидон командасы Булдың күнделікті әдеттері, сапарлары мен үйі жайлы нақты ақпарат жинаған. Біраз уақыттан кейін Бул тұратын үйдің басқа бір бөлігінен үш марокколық адам пәтер жалдаған. Оларға берілген кілт Булдың пәтері орналасқан бөліктің кіреберіс есігін ашпайтын, бірақ ғимараттың түрлі бөліктері жерасты автотұрақ арқылы бір-бірімен байланысып жатыр.

Өте жақсы жағдай қалыптасты: Кидон командасы нысанаға оп-оңай қол жеткізе алады. Бірақ оған тым жақын да болмады. Ешкім осы команда мен белгіленген адам арасында байланыс барын байқай алмады. 1990 жылы наурыз айының бір күні үйдің сыртында Булды бақылап отырған адамдар оның пәтерге кіргенін хабарлады. Кидонның адамдары Булдың дос қызы пәтерде жоқ екенін білгеннен кейін тапаншаларына дыбысбасқыш қойып, пәтердің сыртында Булды күтіп тұрды. Бул дәлізге шыққанда басына бірнеше оқ атып, өлтірді. Брюссель амалы Кидонның әдеттегі тәсіліне сәйкес нақты орындалды. Бірақ Булды нысана ретінде таңдау әдеттен тыс әрекет болды. Ол нацист те, араб лаңкес те емес, бір батыс ғалымы еді.

Моссад пен оның миссиясын белгілейтін саяси топ үшін палестиналықтар, арабтар мен мұсылмандарды өлтіруге рұқсат алу оңайырақ.

Кидонның Несс-Циона институтындағы жолдауы  

Кидондықтар кісі өлтіру амалдарында тапаншаларының дыбысы естілмес үшін улап өлтіруді таңдады. Израильдік ғалымдар Несс-Циона биологиялық зерттеулер институтында спрей түрінде у жасап шығарды. Бұл удың артықшылығы мынада: құрбанның кімнің қолынан өлгенін анықтау мүмкін болмайды. Мәйіт аутопсиясы адамның табиғи жолмен өлгенін көрсетеді!

Кидон мен жыланның басынан ұру

Израиль қауіпсіздік ұйымының көзқарасынша, ұйым бір адамға ғана сүйенсе, жыланның басынан ұрғандай сол кісінің көзін құртқан жөн. Ол кісіден құтылғаннан кейін оған сүйенген шағын топ ыдырайды. Кей кезде шындық пен дұрыстық қажеттілікке қарай бағаланады. Израильдің қауіпсіздік ұйымы «Террор пайдалы ма, жоқ па?» деген ойға қалды. Иорданиядағы Халед Машаль оқиғасы сияқты сәтсіздікке ұшыраған жағдайда террор жасау пайдасыз болатыны анық. Егер мақсат бір шағын ұйымды құрту болса, террор әсерлі бола алады. Бірақ өз қоғамдарында терең тамыр жайған Хизбулла мен Хамас  сияқты ірі топтардың басшыларына террор жасау нәтижесіз болады.

 

Автор: Сейіт Махмұт Камалара (Закария) – тәуелсіз тілші

Дереккөзі: Дэн Равио-Йосио Мелман. «Ақырзаманға қарсы тыңшылар» кітабы, аударған Мұртаза Мирмұхаммади. «Эттелаат» баспасы.

Тегтер